«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
2600 бала тыныс алу органдарының ауруымен ауруханаға түскен

Жедел респираторлық вирустық инфекция - балалар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі. Аталған ауруға шылдыққан балалар саны өсуде бір жыл ішінде 2600 бала тыныс алу органдарының ауруымен ауруханаға түскен. Бұл туралы Көпсалалы балалар ауруханасы клиника диагностикалық орталықтың меңгерушісі Қарлығаш Монголханқызы айтып берді.

 Жедел респираторлық вирустық инфекция - бұл тыныс алу жүйесінің зақымдалуымен, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикациямен және катаральды синдроммен сипатталатын ауа тамшыларымен берілетін респираторлық вирустар тудыратын жұқпалы аурулар тобы. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл вирустар тобы тыныс алу жүйесіне әсер ететін, тиісінше, дене қызуының жоғарылауы, мұрынна су  ағуы, жөтел сияқты белгілер болады. 

Маманның айтуынша, аталмыш аурулар тобына тұмау, Парагрипс, аденовирустық инфекция, риновирустық инфекция, Коронавирустық инфекция сияқты инфекциялар кіреді. Қабыну қай органда жүретініне байланысты жедел ринит, фарингит, ларингит, бронхит  және пневмония диагнозы қойылады.

«Кез - келген аурудың салдарын емдегеннен гөрі алдын - алу жақсы. Бұл вирустар сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде ауа арқылы берілетіндіктен, Әрине, 100% болдырмау мүмкін емес, әсіресе кез - келген инфекцияда аурудың белгілері болмаған кезде инкубациялық кезең болады. Бірақ соған қарамастан аурудың таралуын азайтуға болады», - дейді Қарлығаш Монголханқызы.

Ауырмаудың жолы қарапайым ғана ережелерден тұрады. Олар: 

  1. Аурудың алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше науқасты оқшаулаңыз, кем дегенде науқас балада ыдыс - аяқ, сүлгісі, оның қолданатын заттары бөлек болуы керек.
  2. Науқас орналасқан бөлмені жиі желдету.
  3. Көшеден келгеннен кейін міндетті түрде қол жуу және өңдеу.
  4. Жабық бөлмелерде мүмкіндігінше маска кию.