«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Бос орындар

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ облыстың денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарында бақылау кеңесі мүшесі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Кәсіпорындардың атауы

Мекен  жайы

1.. «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны лматы

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы

Ескелді би көшесі, 285

тел. (87282) 23-42-50

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың негізгі қызметі Жетісу облысы тұрғындарының денсаулығын сақтау болып табылады.

Бақылау кеңестеріне сайланған тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғарғы білім, сондай-ақ, осы талаптардың бірі: 1) денсаулық сақтау саласында немесе мекеменің бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы; 2) денсаулық сақтау саласында немесе мекеменің бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық лауазымда үш жылдан кем болмауы; 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы  қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігі; 4) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық (МВА) саласында қосымша білімі, жұмыс тәжірибесі үш жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде); 2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін түрде жазылған өмірбаяны; 4) үміткерді жеке тұлға ретінде куәландыратын құжатының көшірмесі; 5) жоғарғы білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының (егер болса) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа  қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмесі; 7) құқықтық статистика жөніндегі Комитеттің аумақтық құрылымдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы тіркеуі берген қатысушының сотталмағандығын және жемқорлық құқық бұзушылығы болмағандығын растайтын құжаттары. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Талдықорған қаласы,  Гаухар Ана көшесі, 87, «Жетісу  облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 209 кабинет.  

Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқасы» деп белгі қоюы керек. Конвертте үміткердің тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетіледі. Конверт сыртқы конвертке салынады. Ішкі және сыртқы конверттер «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша:  Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87  жіберілуі тиіс және мемлекеттік кәсіпорынның _________«Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы және «2023  жылғы 25 сәуірге дейін ашпау керек» деген сөздер болуы тиіс.

Конкурстық өтінім бір данадан жіберіледі.

Конкурстық  өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі:  2023 жылғы  25 сәуір  күні 18:30-ге дейін Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 209 каб.

Конкурстық өтінімдер салынған  конверттер 2023 жылғы  26 сәуірде  сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87,  «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 209  кабинет.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8(7282) 60-00-83 телефоны арқылы алуға болады.