«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Дәрігерлер Президент Жолдауын Талқылады

Бүгін Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының медицина қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Дәрігерлер 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген барлық тапсырмаларға қолдау танытты.

Президент Жолдауында атап өткендей екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттердің салынуы жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді деді дәрігерлер.

Мемлекет басшысы Жолдауда Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін күшейтіп, медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды. Осыған орай аурухана қызметкерлері тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуы үшін барлық жағайды жасауға дайын екендерін мәлімдеді. 

Сонымен қатар аурухана директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда Мемлекет басшысының дәрігер мамандарды даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай,  бүгін Денсаулық сақтау министрлігі үш медициналық жоғары оқу орнының  жанынан көпбейінді университеттік аурухана мен клиника ашуды қарастырып отырғанын мәлімдеді.