«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ»

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Өтетін уақыты: 2022 жылы 2 шілде сағат 9:00-де 

Өтетін орны: Талдықоған қ., Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы.

 

Профессор, медицина ғылымының докторы Нұрлан Мұхтарұлы Арыновтың қатысуымен «Туған елге тағзым» атты шара аясында шеберлік сыныбы өтеді. Медицина саласында 38 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Нұрлан Мұхтарұлы  балалар ауруханасында  «өкпе мен бауырдың  эхинококкозы және  колостома, тоқ ішек анастомозы» диагнозы анықталған 7 мен 16 жас аралығындағы 3 балаға ота жасайды. Аталған шара «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Мұхтарұлы ҚР мен РФ хирургтар қоғамының және  педиатрлар мен балалар хирургтары қоғамының және  хирург-гепатологтар мен эндоскопист хирургтар ғылыми қоғамының мүшесі болып табылады.

Еске сала кетейік, профессор Арынов Нұрлан Мұхтарұлы облыстың медициналық  мекемелерінде  «Туған елге тағзым» атты шара аясында шеберлік сыныбын өткізіп тұрады. Осы уақытқа дейін Нұрлан Мұхтарұлы 25 мыңнан астам ота жасаған. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам қайырымдылық операциясын жасаған. Сонымен қатар дәрігер 300 ғылыми мақала мен 7 монографияның авторы.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова – 8 778 643 77 17