Көпсалалы облыстық балалар аурханасында Медицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аурухана директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар аурухана қызметкерлеріне арнайы төсбелгі мен Алғыс хат табыстады.
Аурухана директоры Арман Серікбайұлы салтанатты іс-шараның соңында білім мен мейірімділікті ұштастыра білген медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Дәрігер – құрметке лайық мамандықтың бірі. Өйткені дәрігер – адам жанын ажалдан арашалап, сауығып кетуіне бар күш-жігерін жұмсаумен қатар, мейірімділік пен ізгіліктің жаршысы ретінде көпшілікке үлгі.
Мереке құтты болсын, әріптестер!
https://obldetbol.kz/novosti-kz/732-k-psalaly-oblysty-balalar-aurkhanasynda-meditsina-yzmetkerler-k-nine-oraj-saltanatty-zhiyn-tti.html#sigFreeId3952c0a0c4