«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Білікті маман балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті

16-17 маусым 2022 жылы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында Жетісу облысы бойынша Халыққа ұйымдастыру-әдістемелік (кардиологиялық, кардиохирургиялық, интервенциялық-кардиологиялық) көмек көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығының  балалар кардиологиясы бөлімінің меңгерушісі А. Байгалканова балалар кардиологиясының өзекті мәселелері бойынша «Балалардағы жүрек ырғағының бұзылуы" тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріске балалар кардиологтары, педиатрлар, Жетісу облысының жалпы тәжірибе дәрігерлері қатысты.

Сонымен қатар  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығынан арнайы келген маман А. Байғалканова кардиологиялық патологиясы бар Жетісу облысының балаларына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті.

Семинар 2022 жыл - Қазақстандағы балалар жылы  аясында ұйымдастырылды.