27 мамыр 2022 жылы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірге жүрек-қантамыр жүйесінің кемістігі бар балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. Балаларға эхокардиография жасалып, дәрігерлер диагнозын анықтағаннан кейін ата-аналарына ары қарай емдеу тәсілін түсіндірді. Ашық есік күні барлығы 73 бала тексерілді. Оның ішінде ТМККК шеңберінде туа біткен жүрек ақауы бар 17 баланы портал бойынша емдеуге жатқызуға, 8 баланы жедел емдеуге, 4 бала магистральді тамырларды транспозициялауға жіберді. Қалған балаларға консервативті емдеу және динамикада тексеру тағайындалды.
Ашық есік күні Қазақстандағы балалар жылы мен 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
https://obldetbol.kz/novosti-kz/724-aurukhanada-ashy-esik-k-ni-tti-2.html#sigFreeIda3e9d04f9a