«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Талдықорғандық мейірбике өмірін сүйікті жұмысына арнаған

12 мамыр - Халықаралық мейірбике күніне орай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі Рахмединова Зульфия Тұрғанқызы Жетісу телеарнасының "Таңжарық" бағдарламасында сұхбат берді. 28  жылдан бері осы салада үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан Зульфия Тұрғанқызы  өз мамандығын мақтан тұтатынын айтады. Сонымен қатар сұхбат барысында мейірбике мамандығының өзіндік қиындығы мен қызық сәттерін еске алды. Ол кез келген жағдайда өз жұмысын жоғары деңгейде атқаруға тырысатыны айтады.

-Ауруханаға түскен әр баланың сауығып кетуі үшін барлық жағдайын жасауға тырысамын. Кез келген жағдайда тез әрекет ету маңызды, - дейді.

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ұжымы  Зульфия Тұрғанқызын  Халықаралық медбикелер күнімен құттықтап, зор денсаулық және жеке өміріңізге амандық тілейді.