Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының әйелдер жартысы ерлер әріптестерін Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламада аурухананың өнерлі қыздары ер-азаматтарға арнап сазды тарту жасап, өлең оқыды. Музыкалық репертуар әр концертке қатысушының шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсті. Нәтижесінде ұжымның әдемі жартысы шара барысында мерекелік атмосфераны құра отырып, ер адамдарға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.Концерт соңында ер азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Көп бейінді облыстық балалар ауруханасының директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы ер-азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаған әріптестеріне алғысын білдірді.