# Біздің қызметкерлер
Мұхамедиярова Ләйлә Нұртілеуқызы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының білікті мейірбикелерінің бірі. Медицина саласында 14 жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан маман бүгінгі күні хирургия бөлімінде жұмыс істейді. Ол жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына өкінбейтінін айтады.
-Мейірбике мамандығын кез келген адам атқара алмайды деп ойлаймын. Өйткені адам денсаулығына тікелей жауапты болғандықтан таңдауды дұрыс жасау керек. Мен өз жүрек қалауыммен келдім. Сондықтан әр ісіме жауапкершілікпен қараймын,- дейді Ләйлә Нұртілеуқызы .