«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Балалар ауруханасында мейірбике күніне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 12 Мамыр -  Халықаралық мейірбике күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында мейірбикелерді мерекесімен құттықтаған аурухана директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы денсаулық саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан мейірбикелерге алғыс хат пен сыйлық табыстады. Сонымен қатар салтанатты  жиынға  "AMANAT"  партиясының Талдықорған  қалалық филиалының  атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты  Аманжол Жазықбаев арнайы келіп, мейірбикелерді құттықтап, партия атынан Алғыс хат табыстады.

-Мейірбике – жауапкершілігі жоғары мамандық. Дәрігерден кейінгі науқастың сауығып кетуіне барлық жағдайды жасайтын қамқор жандар деп айтуға болады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке және денсаулық саласындағы қажырлы еңбектеріңіздің табысты болуын тілеймін, - деді Арман Серікбайұлы.