БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ФАКТІЛЕРІ:
Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 8 жаңа заманауи оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 17 ерте араласу орталығын (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашу күтілуде
Соңғы екі жылда қалпына келтіру емі және оңалту төсектерінің саны 2 есеге артты (2575-тен 4216-ға дейін)
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11 560 бала қалпына келтіру емінен өтті
Сондай-ақ, амбулаториялық оңалту белсенді дамуда: 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтті
БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?
Оңалтуда мультидисциплинарлық тәсілдің қағидаттары енгізілді: оңалту орталықтарында неврологтар, емдік дене шынықтыру дәрігерлері, реабилитологтар, ЕДШ нұсқаушылары, логопедтер, дефектологтар, эрготерапевтер, психологтар жұмыс істейді.
Республикалық деңгейдегі орталықтарда жеке көшірме бейнесі бойынша протездеу жүргізіледі. Отто Бок герман компаниясының өкілдерімен бірлесіп оңалту техникалық құралдарын іріктеу жүргізіледі, оның филиалы БОҰО базасында орналасқан.
Ботулинотерапияны жүргізу әдістемесі игерілді, БОҰО өңірлерден келген мамандарды оқыту базасы болып табылады.
Оңалту қызметтерін көрсету сапасын арттыру және медициналық көмек көрсетуде біркелкі тәсіл қолдану үшін қызметті халықаралық сыныптау енгізіледі.
Балалар медициналық оңалтудың 3 кезеңін алады: 1 кезең - аурудың жіті кезеңінде, стационарларда операциялық араласулар, жарақаттар кезінде; 2 кезең - стационарлық жағдайларда және оңалту орталықтарында; 3 кезең - емханаларда, күндізгі стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда.
Бүгінгі таңда оңалту орталықтары үшін 398 маман, оның ішінде 76-сы эрготерапевт арнайы мамандығы бойынша даярланды.