Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Барлығыны ұзақ өмір!» ұранымен сәуірдің 24-30 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
«Барлығына ұзақ өмір!» ұранымен өткізілетін 2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын арттыру.
2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының іс-шаралары мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталған:
- вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;
- жасөспірімдерге, ата-аналарған және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми негізделген ақпаратты тарату;
- ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету;
- Украинадан елге келген көптеген босқындарды қабылдау үшін денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін арттыру және вакциналарға қол жетімділікті қамтамасыз ету.
«Вакцинация барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы. Егу жұмыстары- халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз, жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі», - дейді Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахмет.
Айта кетейік, жыл сайын вакцинаның арқасында 3 миллиондай сәби ажалдан аман қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен айығады.