#Біздің қызметкерлер
Тлеубаева Гульнархан Рустембековна – Көпсалалы облыстық балалар аурханасының реанимация және интенсивті терапия бөлімінің аға мейірбикесі. Аталған ауруханада 1986 жылдан бері қызмет жасап келеді. Еңбек жолын 36 жыл бұрын дәл осы ауруханада бастаған болатын. Сонымен қатар ауруханада анестезист болып та жұмыс істеген.
Балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі мол маман. Медсестра - дәрігердің бірінші көмекшісі принціпін ұстанған Гульнархан Рустембековна ауруханада еңбекқорлығымен өзінен кейінгі мамандарға үлгі болып отыр. Гульнархан Рустембековна: «Медсестра ең бастысы мейірімді болу керек. Балалармен жұмыс жасауда бұл басты қасиет. Содан кейін жауапкершілік. Өйткені медсестра - дәрігердің бірінші көмекшісі. Менің бір салада 36 жыл бойы үздіксіз қызмет жасауыма мамандығыма деген сүйіспеншілігім себеп болды деп ойлаймын» деді.