Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
2022.03.24 МОДБ Наурыз

Аурухана қызметкерлері Наурыз мерекесін атап өтті

Наурыз - қазақ халқы үшін қасиетті мереке. Талдықорғанда Наурыз мерекесі 2 жылдан кейін кең көлемде аталып өтті. Негізгі мерекелік іс-шаралар  «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өтті. Сонымен қатар қазақ үйлер тігіліп, көпшілікке қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көже ұсынды. Мереке күні алаңға жиналған жұрт  ұлттық дәстүрге негізделген театрланған қойылымдарды, спорттық жарыстарды тамашалады.

Күллі түркі халықтары үшін Жаңа жылдың бастауы болып саналатын Наурыз мейрамын Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері де атап өтті. Жеті түрлі дәмнен дайындалған қастерлі тағам Наурыз көже дайындап, қонақтарға таратты.