Аурухананың әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Жиында аурухана директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы ақ халатты қыз-келіншектерге медицина саласының дамуына үлес қосып, үздіксіз атқарып келе жатқан еңбектері үшін ұжымның атынан алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Денсаулық сақтау саласында әйел адамның рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар сыйлықтарын табыс етті. Мейрам күні ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұжымдағы ер азаматтарға аурухананың әйел қызметкерлері алғысын білдірді.
https://obldetbol.kz/novosti-kz/681-2022-03-15.html#sigFreeIdde15377b4d