Ауруханада Дүниежүзілік бүйрек күніне орайластырылған Ашық есік күні өтті
10 наурызда Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы базасында Дүниежүзілік бүйрек күніне орай Ашық есік күні өткізілді. Алматы облысының солтүстік өңіріндегі балаларға кеңестік-диагностикалық, хирургиялық көмек көрсетілді. Тексеруді жоғары санатты уролог-дәрігер, бөлімше меңгерушісі Е.Е. Ерболғанов аурухананың белгілі мамандарымен бірге жүргізді. Зәр шығару жүйесінің туа біткен ақаулары бар 16 бала қаралды. 12 бала ТМККК шеңберінде портал бойынша емдеуге жатқызылды, 2 бала амбулаториялық ем алуда. Барлық пациенттерге аспаптық-диагностикалық зерттеулер жүргізілді (бүйректің КТ, бүйректің УДЗ , экскреторлық урография , цистография, зертханалық талдаулар. Гидронефроз, гипоспадия диагнозымен 2 операция жасалды.
https://obldetbol.kz/novosti-kz/679-2022-03-14.html#sigFreeIdab6b6e374c