Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
2022.03.03 МОДБ Талдыкорган

Талдықорған қаласының әкімі дәрігерлерге  тұрғындар атынан алғыс айтты

1 наурыз Алғыс айту күні Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаев Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бірқатар дәрігерлеріне «Алғыс хат» табыстады. Қаңтар оқиғасы кезінде балаларға дер кезінде медициналық көмек көрсеткен аурухана директорының орынбасары Тулеев Бақыт Изядинұлы, хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерболғанов Ертай Ерсаметұлы, реанимация бөлімінің меңгерушісі Бегимбетов Бек Мұратханұлы және хирургия бөлімінің травматолог дәрігері Решетов Артём Александровичке қала әкімі тұрғындар атынан алғысын білдірді.

Қала әкімі Ержан Жасыбаев дәрігерлерге денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында атқарған еңбектері үшін алғысын жеткізді.