Облыстық балалар ауруханасында алғаш рет «Краниостеноз» диагнозы қойылған балаға ота жасалды
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 24 ақпан күні алғаш рет "орталық жүйке жүйесінің туа біткен даму ақауы. Краниостеноз. Коронарлық формасы " диагнозы қойылған 9 жасар балаға "Лоскутная краниотомии по Арендту – Козыреву" операциясы жасалды. Операцияны аурухананың балалар хирургі Тасполатов Даурен Азизбекұлы мен травматолог дәрігер Решетов Артём Александрович Алматыдан арнайы келген балалар нейрохирургі Құрманбеков Гайни Қаспақұлының қатысуымен жасады. Операция кезінде анестезиологияның заманауи әдістері қолданылды.
Краниосиностоз (краниостеноз) – бассүйек жіктерінің бассүйек көлемінің шектелуіне, оның деформациясы мен бассүйекішілік гипертензияға жағдай жасайтын ерте жабылуы. Сырқат 2000 сәбиге шаққанда бір жаңа туылған нәрестеде кездеседі, көбіне ұл балаларда байқалады.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Решетов Артём Александрович және балалар хирургі Тасполатов Даурен Азизбекұлы медицина саласында 7 жылдан бері қызмет жасап келеді. Облыста балалар хирургиясының дамуына атсалысып келе жатқан мамандар ендігі кезекте «Краниостеноз» диагнозы анықталған балаларға ота жасайтын болады.
Бүгінгі таңда ота сәтті жасалып, бала хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы бірқалыпты.
https://obldetbol.kz/novosti-kz/675-2022-02-28.html#sigFreeIdefc5a71fdd