Дюшенна миопатиясы бар балаларға көмек көрсету бойынша конференция өтті
18 ақпан күні Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында балалар неврологтары ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің мамандары мен облыс дәрігерлері Дюшенна миопатиясы бар балаларға көмек көрсету және ұйымдастыру мәселелері бойынша конференция өткізді. Конференция Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы жүйке - бұлшықет аурулары бойынша үйлестіруші Мырзалиева Бахыт Джусупжанқызының қатысуымен өтті. Облыс дәрігерлері Дюшенна миопатиясы бар балаларды емдеу барысында кездесетін қиындықтар мен емдеу тәсілдерін талқылады.
Конференция Қазақстандағы балалар жылы аясында өткізілді.
https://obldetbol.kz/novosti-kz/671-2022-02-21-modb-konferentsiya.html#sigFreeId058b93f8ba