«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Облыстық балалар ауруханасында Ашық есік күні өтті

Облыстық балалар ауруханасында Ашық есік күні өтті

 

15 ақпан күні  Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында Халықаралық балалар обырымен күрес күніне орай Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні 21 балаға онкогематология бөлімінің меңгерушісі Хадыс Айнұр аурухананың өзге де мамандарымен бірге консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер инструментальды-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізді.

 

Дәрігерлер обыр ауруларын емдеп жазудың бірден бір жолы  ауруды бастапқы кезеңінде анықтау дейді. Сондықтан  балаларды уақытында  тексеруден өткізу маңызды екенін ескертеді.