Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында онкогематологиялық бөлімше ашылды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында онкогематологиялық бөлімше ашылды

 

Бүгін Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серікбаева Ләйлә Пернебайқызы және аталған аурухана  директоры  Тойбеков Арман Серікбайұлының қатысуымен 15 орындық онкогематология бөлімшесі ашылды.  Осы уақытқа дейін Алматы облысының солтүстік өңірінде қанның қатерлі ауруына шалдыққан балаларды Іле ауданында орналасқан Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына емделуге жіберетін.

 

Онкогематологиялық бөлімше ҚР 2022-2024 жылдарға арналған балалар онкологиялық және гематологиялық көмегін жетілдіру жөніндегі жол картасын орындау және облыстық солтүстік өңіріндегі балаларға уақытылы және қолжетімді онкогематологиялық медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының (8.12.2021ж) 572-Н бұйрығына сай ашылды.

 

Аталған іс-шара 15 ақпан Халықаралық балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.