Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
Аурухана қызметкерлері кішкентай пациенттерге тосын сый жасады
Аурухана қызметкерлері  кішкентай пациенттерге тосын сый жасады
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері  ауруханада  ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерге тосын сый жасады. Олар науқастарды қуанту үшін Аяз ата мен Ақшақар киімін киіп, пациенттерді  жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аяз ата мен Ақшақар пациенттерге мерекелік көңіл-күймен қатар  сыйлық таратты. 
Аурухана қызметкерлерінің жасаған тосын сыйына кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналары риза болып, алғыстарын білдірді.