«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
2021.12.23 МОДБ операция

 

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында TEN икемді титан өзекшелерімен ұзын құбырлы сүйектердің сынықтарын емдеудің аз инвазивті әдістемесі қолданылады. Ауруханада TEN қолдану тәжірибесі 2021 жылы енгізілді. Бұл ауруханада мұндай операцияны травматология бөлімінің дәрігері Решетов Артем Александрович жасайды. Травматолог Артем Александрович ассистенттермен бірге зақымдалған сегментте қан айналымын сақтай отырып, буын мен бұлшықет капсуласының тұтастығын бұзбай, кішкентай пункциялар арқылы минималды инвазивті әдіспен осындай сынықтардың остеосинтезін орындайды.
- Бұл әдіс қысқа мерзімде функционалды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Асқынулар аз болады.  TEN әдісін  3-18 жас аралығындағы балаларға әртүрлі локализацияда және ұзын құбырлы сүйектердің сыну түрінде қолдануға болады. Әдістің артықшылығы баланың денсаулығы операциядан кейін тез қалпына келеді,  кейде операциядан кейін гипстің қажеті болмай қалады.  Бұл балалар үшін аса маңызды, - деп атап өтті травматолог.
Аталған диагнозбен балалар ауруханасында осы уақытқа дейін облыстың 30-ға жуық кішкентай пациенттері емделді.