«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Медицина қызметкері тазалық шараларын сақтауға міндетті

Медицина қызметкері тазалық шараларын сақтауға міндетті

 

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының  медицина қызметкерлері қол жуу әдісі бойынша семинар өткізді. Қол жуу қарапайым әдіс болғанмен науқас балаларға ем жүргізу және тамақтандыру кезінде үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы  соматикалық бөлімшенің бас мейірбикесі Қыдыралинова. Г "Қызметкерлердің қолын жуу мәселелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдарына қойылатын талаптар"тақырыбында орта және кіші медицина қызметкерлеріне тазалық шараларын сақтау, қолды арнайы белгіленген әдіспен жуу тәсілдерін түсіндірді. Семинар ҚР ДСМ №131 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Балалармен жұмыс жасау барысында тазалық шарттарын қатаң сақтау керектігін ескертті. Қолды жиі жуу – жұқпалы аурулармен күресу кезінде маңызды рөл атқаратын тиімді әрі қарапайым профилактикалық әдіс. Әсіресе Covid-19 пандемиясы жағдайында осы қарапайым әдістерді орындау арқылы, инфекцияның таралуына тосқауыл қоюға болады.