Есту қабілеті төмен балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында Алматы облысының штаттан тыс сурдологы А.Ж. Бекмурзаеваның қатысуымен есту және құлақ мүкістігі бар Алматы облысының солтүстік өңіріндегі балаларға консультациялық-диагностикалық және аспаптық(БӘДК, БАӘ, тимпанометрия, ASSR ) көмек көрсетіледі. 15 қыркүйек күні 0-ден 18 жасқа дейінгі 16 бала тексерілді. Алғаш рет 4 дәрежедегі құлақ мүкістігімен-3 бала, 2 дәрежедегі құлақ мүкістігімен - 2 бала, 1 дәрежедегі құлақ мүкістігімен-5 бала анықталды. 1 бала операциялық емдеуге (кохлеарлық имплантация), 2 бала есту протезіне жіберілді.