«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері есту қабілеті төмен балаларды тексеруден өткізді

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында есту қабілеті төмен және құлақ мүкістігі бар 18 жасқа дейінгі балаларды дәрігерлер тексеруден өткізді. Алматы облысының солтүстік өңірінен келген 24 балаға облыстың штаттан тыс сурдологы А. Ж. Бекмурзаеваның қатысуымен консультациялық-диагностикалық және аспаптық(БӘДК, БАӘ, тимпанометрия, ASSR ) көмек көрсетілді. Тексеру барысында алғаш рет 4 дәрежелі құлақ мүкістігімен 2 бала, 2 дәрежелі құлақ мүкістігімен 2 бала, 1 дәрежелі құлақ мүкістігімен 7 бала анықталды. Сонымен қатар 2 балаға ота жасауға (кохлеарлық имплантация ) жіберілді. Есту қабілеті төмен балаларды ерте анықтау олардың  есту қабілетін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осылайша дер кезінде көрсетілген көмек баланың өмір сүруге құлшынысын арттырып, оларға жаңа өмір сыйлайды.