«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Балалар ауруханасының мамандары 30 – ға жуық реконструктивті- пластикалық операциялар жасады
2021 жылдан бастап урологиялық төсектердің ашылуына байланысты Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының мамандары гидронефроз, көпіршік – несепағар рефлюксі, обструктивті мегауретер, уретроцеле, гипоспадия, жасырын жыныс мүшесі сияқты туа біткен аурулар кезінде 30 – ға жуық реконструктивті-пластикалық операциялар жасады. Туа біткен урологиялық патологияларды емдеу және ерте анықтау тактикасын анықтау үшін Алматы облысы өңірлеріндегі облыстық перинаталдық орталықтар мен перзентханалардағы әріптестермен тығыз консультативтік жұмыс жүргізілуде. Жасалған операциялардың арқасында дәрігерлер ата-аналар мен кішкентай пациенттерге қуаныш сыйлады.