«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Облыстық балалар ауруханасында минималды инвазивті ота жасалды

2021 жылдың маусым айынан бастап Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының  травматолог мамандары Алматы облысында алғаш рет 3 жастан 14 жасқа дейінгі 9 пациентке ЭҚЕ бақылауымен жамбас сүйектерінің, жіліншік сүйектерінің, иық сүйектерінің, білек сүйектерінің жабық репозициясы минималды инвазивті  операцияларды дербес жүргізді. Нәтижесінде, қан жоғалту, гипс иммобилизациясының болмауы төмендеді. Бұл балаларға өздігінен қозғалуға мүмкіндік береді. Балалар  10 -15 тәулікте сауығып кетеді. Барлық операциялар асқынусыз өтіп, балалар үйлеріне жіберілді.