«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері қан донорларының қатарын көбейтті

Көпсалалы облыстық  балалар ауруханасының қызметкерлері қан донорларының қатарын көбейтті

 

Дүниежүзілік донор күніне орай  Көпсалалы облыстық  балалар ауруханасының медицина қызметкерлері Облыстық қан орталығында қан тапсырды. Аталған аурухана қызметкерлері қан тапсыру арқылы өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға көмектесуге әзір екенін көрсетті. 

Облыстық қан орталығының мамандары Көпсалалы облыстық  балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне қан донорларының қатарын арттыруда белсеніділік танытқаны үшін рахмет айтып, алғыс хат жолдады. 

Донор болу жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар донор бола алады.