«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
Ауруханада Ашық есік күні өтті

Ауруханада Ашық есік күні өтті

 

31 мамыр 2021 жылы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 1 – маусым балалар күніне орай Ашық есік күні өтті. Алматы облысы мен Талдықорған қаласының кішкентай тұрғындарына аталған аурухананың білікті мамандары консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсеттті. Ашық есік күніне келген 53 бала мамандардың тексеруінен өтіп, кеңес алды. Ата-аналар дәрігерлерге өз кезегінде алғысын білдірді.