Карантин уақытында 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған кеңестер
1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні! Халықаралық мерекелердің бірі, ол бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл күні ата-аналар балаларын ойын-сауық орталықтарына, ойын алаңдарына, аттракциондарға, саябақтарға апарып қыдыртады.
Алайда, ата-аналарды коронавирустық жұқпаның алдын алу мақсатында ойын-сауық объектілерінде бұқаралық мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғандығы туралы ескертеміз. Ата-ана бала денсаулығына жауапты. Сондықтан, мереке күндері адамдар көп жиналатын жерге балаларыңызды апармауға кеңес береміз.
Тек «жасыл аймақтағы» елді мекендердегі балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), оның ішінде сауда ойын сауық орталығы, сауда үйлеріндегі нысандар (толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес) және ашық ауадағы аттракциондар қызметіне рұқсат етілген.
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Ақсу, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Көксу, Райымбек, Кеген аудандары мен Қапшағай, Текелі қалалары «жасыл аймақта» орналасқан.
Балаларыңызды қыдыртуға шығарған жағдайда мына талаптардың орындалуын қадағалаңыз:
Әлеуметтік қашықтық (2 метрден кеме емес);
Маскалық режим;
Тері антисептиктерін қолдану;
Қолдарын сабынды қолдана отырып жуу тәртібін сақтау.