ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бастамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, ЮНЭЙДС, ЮНИСЕФ қолдауымен 21-22 қазанда Алматы қаласында ТМД ЖОО-ның студенттерінің қатысуымен «SpeakUp: AIDS” («ЖИТС жайлы айт/үндемей қалма») АИТВ-инфекциясы тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық дебаттық турнир өткізіледі.
Іс-шара пірікталастарға тарту арқылы жастардың күшімен АИТВ бойынша саясатты әзірлеу және хабардарлықты арттыру мақсатында өткізіледі.
Дебаттың ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, ҚР-ғы ЮНЭЙДС офисі басшылығының қатысуы жоспарлануда.
Турнир қатысушыларының арасында 2017 жылғы әлемдегі ең үздік спикер, бас төреші Раффи Маршалл (Оксфорд), ҚР ірі ЖОО - ҚМЭБИ, ҚБТУ, ҚазҰТЗИ, ҚазҰУ, ЕҰУ студенттері мен басқалары, сонымен қатар, ТМД елдері – Ресей, Тәжікстан, Қырғызстаннан 300 студент қатысатын болады.
Турнир британдық-парламенттік формат бойынша 3 тілде (мемлекеттік, ағылшын, орыс) өтетін болады. Пікірталас алаңын елдің алдыңғы қатарлы ЖОО бірі – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ұсынады.
Турнир кезінде Алматы қаласы ЖИТС орталығының АИТВ-ға жедел-тестілеу бойынша мобильді зертханасы жұмыс істейді.