«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы»ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балаларауруханасы» МКК
0
ДСМ МСАК деңгейінде халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту бойынша шаралар қабылдауда

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова мен ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың қатысуымен «МСАК-ты дамыту және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.


2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жан-жақты, әлеуметтік бағдарланған және қолжетімді көмекті қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауда. МСАК-тың әлеуметтік-бағдарланған моделін енгізу отбасылық денсаулық орталықтарын, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерін ашуға, МСАК-тың штаттық нормативіне әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды енгізуге негізделген.


Лаура Ахметниязова атап өткендей, жалпы республикада, әсіресе республикалық деңгейдегі қалаларда бір жалпы практика дәрігеріне 2,5-3 мың тұрғыннан келеді.  Осыған байланысты, Министрлік қазіргі уақытта бір жалпы практика дәрігеріне 1,5 мың тұрғынға дейін азайтуға бағытталған іс-шараларды қарастырып отыр. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және медициналық алғашқы көмек көрсететін, жалпы практика дәрігерлері халыққа барынша жақын болып бірге қабылдау жүргізетін шағын жеке клиникаларды дамыту арқылы жасалатын болады. 


Бұдан басқа, МСАК деңгейінде 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін тіркелген 1500 тұрғынға дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар 2024 жылға қарай 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық учаскелерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 


Сонымен бірге, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұсынуды жетілдіру үшін созылмалы ауруы (қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерді белсенді бақылауға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізу жөніндегі жоба іске асырылуда. Анықтама үшін: нәтижелері пациенттің 75% -ында артериалды қан қысымы тұрақты екенін, қант диабеті бар пациенттердің 65%-ының қан көрсеткіштерінде оң динамика бар екенін көрсетті. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуге жатқызу жағдайлары 2 есеге дейін төмендеген. Ағымдағы жылы жоба барлық 16 өңірде іске асырылды, жобаға қатысқан пациенттердің саны 2 есеге (3 мыңнан 7 мыңға дейін) ұлғайған.


«Министрлік әзірлеген «МСАК-ты жаңғырту және басым түрде дамыту негізінде пациенттің мұқтаждықтары аясында барлық денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру шеңберінде амбулаториялық-емханалық ұйымдардың құрамында туберкулезге қарсы 218 кабинет, 42 психикалық денсаулық кабинеті, 1280 тексеру (оның ішінде 823-і әйелдер, 322-сі ерлер) кабинеті, 371 онкология кабинеті, 287 маммологиялық кабинет жұмыс істейді», - деді Лаура Ахметниязова.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мектеп медицинасын дамыту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жоспарын іске асыру шеңберінде медицина пункттері мен медицина қызметкерлерінің штатын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жұмысы аяқталуда. Жыл басынан бері штат саны 7132 адамды құрайтын 6117 медицина пункті білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілді.


Диспансерлік науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы бекітілді. Амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін осы бұйрықпен аурулар мен дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілді. Анықтама үшін: В және С гепатиттері жеке бөлінді, пациенттер контингенті мен дәрілік заттар (ДЗ) тізбесі кеңейтіле отырып, паллиативті көмек жеке топқа бөлінді, жаңа анкилоздайтын спондилоартрит нозологиясы енгізілді. Жаңа тізбеге дәрілік заттардың жаңа 63 атауы және дәрілік нысандардың 25 атауы енгізілді (57 ДЗ және 29 дәрілік нысан алып тасталды).