Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
2022.04.12 МОДБ түркия әріптестер

Талдықорған қаласына арнайы сапармен түркиялық әріптестер келді

Түркиядан Талдықорған қаласына арнайы сапармен келген бір топ дәрігерлер Көпсалалы облыстық балалар аурханасының жұмыс барысымен танысты. Түркияның Livhospital Istanbul келген Профессор Cagatay Ozturk және Helmirklinik келген доктор Хакан Дуркан  аурухананың бөлімдерін аралап, балаларды емдеу әдістерін бақылап, пациенттерді емдеу әдісіне қатысты кеңес берді. Сонымен қатар Түркиядан келген дәрігерлер облыс дәрігерлеріне омыртқалы бағанның деформациясын хирургиялық емдеу жолдары мен балалар арасындағы сколиоз және  Бехтеров спондилоартриті тақырыбында семинар өткізді.

Түркиялық әріптестер облыс дәрігерлерінің пациенттерді емдеу әдісіне ризашылықтарын білдіріп, әріптестік қарым-қатынасты ары қарай жалғастырып, жиі тәжірибе алмасып тұруды ұсынды.