Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ ШЖҚ "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" МКК
0
Алматы облысында 19 миллионыншы сәби дүниеге келді

Ақжолтай хабар!. Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми мәлімдеді.

Халық санының 19 миллион болғанын түйіндеген шақалақ Алматы облысының тумасы. Оның кіндік қанының   Алматы қаласына тамуы пешенесіне жазылыпты.

Өмірге келген сәбиге Жәния есімі берілді. Кесте тігер арудың ата-анасы Нәзгүл Көбентаева мен Азамат Нұрғалиев Іле ауданы, Чапаев ауылдық округінің тұрғындары.

Маңдай бағы жарқырап туған Жәния Азаматқызы 2021 жылы маусым айының 20 жұлдызы күні өмірге келген.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Twitter әлеуметтік желісінде шақалақтың ата-анасы мен барша қазақстандықтарды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Республикадағы халық саны артты: Алматы облысының тумасы Жәния Азаматқызы еліміздің 19 миллионыншы тұрғыны атанды.Ол қыз отбасындағы төртінші перзент.  Бауы берік болсын!»,- деп жазды Мемлекет басшысы.

 

Естеріңізге саламыз, 2017 жылы Талдықорған қаласында өмірге келген, Муслима Саматқызы санақ бойынша еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны атанған болатын.